«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ШӘКІРТТЕРІНЕ ҚОЛӨНЕРДЕН ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТТІ (ФОТО)
22 маусым 2024
1112
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінің жазғы сауат ашу курсында тәлім алып жатқан қыз балалар бөлімінде қолөнер бұйымдарынан атап айтсақ, үй жағдайында қолдан сыйлық дайындау бойынша шеберлік сыныбы өткізілді.
«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Нұргүл Әлиханқызының жетекшілігімен өткен арнайы сағатта балалар жетекшілерінің нұсқауы бойынша өздері жасаған қолөнер бұйымдарын аналарына сыйға тарту үшін үйлеріне ала кетті.
Айта кетсек, «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттерге Құран, әдеп дәрістерінен бөлек дін мен дәстүр бағыты аясында және қөлөнер бұйымдарын жасау бойынша да түрлі сабақтар өткізіліп келеді.
Пікірлер
Кіру