«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ҰЖЫМЫ «СӘКЕН-СҰҢҚАР» ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ (ФОТО)

24 қазан 2024 185 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы Елордадағы Қалибек Қуаныш­баев атындағы мемлекет­тік академиялық қазақ му­зы­калық драма театрын­да қойылған «Сәкен-сұңқар» спектаклінің көрсетілімін тамашауға арнайы барды.

Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған мешіт қызметкерлері ғибратқа толы туындының куәсі болып, көрнекті мем­ле­кет қай­раткері, ақын, ж­азу­шы, драматург, ком­позитор Сәкен Сейфул­линнің өмірі мен қызметі туралы мәліметтерге қанық болды.

Қазақ елінің маңдайына біт­­кен қайраткер, ақын, жазушы, дра­ма­тург, ұстаз Сәкен Сей­фуллин­нің ғұмырынан сыр шер­тетін туынды көрермен на­за­­ры­на 2014 жылдан бастап ұсы­ны­лып келеді. Тағды­ры тар жол, тай­ғақ кешуге толы ұлт қайраткері елі­нің келешегі жарқын болуы  үшін күресті. Бірақ күрделі идео­ло­гия­лық майданда қызу тар­тысқа түсіп, өзі құрған өкіметтің құрба­ны болды. 

Айта кетсек, биыл Сәкен Сейфул­линнің туғанына 130 жыл толып отыр. Осыған орай өкілдік тарапынан арнайы рухани отырыстар мен түрлі шаралар ұйымдастырылған болатын. Соның бірі жыл басында Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайда өткен басқосу жиыны мен бабамыз атына жасалған Құран хатым дұғасы.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру