«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ «ALQA» РАДИОСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ (ФОТО)

17 қыркүйек 2024 184 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Омар Сәлімбеков Астана қаласы Дін істері басқармасы жанынан құрылған «ALQA» әуетолқынында өтетін рухани хабарға сұхбат беріп, «Алланың назары жүректе» тақырыбында ой өрбітті.

Айта кетсек, «ALQA» радиосы Астана қаласы әкімдігінің қолдауы мен Дін істері жөніндегі басқарма басшылығының ұйытқы болуы негізінде ашылған. Радионың негізгі мақсаты – Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін, мемлекет құрушы қазақ халқының төл дүниетанымы мен тұрмыс-салтын, салт-дәстүрін шынайы түрде насихаттау, отандық және шетелдік радиотыңдармандарға Қазақ елін бейбітсүйгіш мемлекет ретінде таныту, ел азаматтары мен елорда тұрғындарын ізгілік пен имандылыққа шақыру, қазақтың бай музыкалық мұрасы арқылы ұлтымыздың рухани кеңістігін сапалы дүниелермен қамту.

«ALQA» интернет радиосы өзінің рухани-ағартушылық бағыттағы хабарларын тікелей эфир және таспа түрінде, аудио және кәсіби видео түсірілімдер арқылы таратады.

Пікірлер Кіру