«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ АҚСАҚАЛДАРЫ ТАБИҒАТ АЯСЫНДА БАС ҚОСТЫ (ФОТО)

05 тамыз 2024 695 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Аталар мектебі» клубының ақсақалдары «Балақарағай» демалыс орнында бас қосты.

Дін мен дәстүр бағыты аясында өткен жиынға ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сүлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Қайролла Кушкалиев және мешіт ақсақалдары мен басқа да дін қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында ақ дастархан жайылып, сүбелі сұхбаттар жүрді. Көнекөз қариялар өмірден түйген өнегелі әңгімелерін өрбітіп, астарлы ойларын ортаға салды. Және осы жиынды ұйымдастырып отырған ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне өз ризашылықтары мен алғыстарын жеткізді.

Айта кетсек, аталмыш жиын ақсақалдарға құрмет көрсетіп, мешіт жамағаты болып жүрген қарияларымыздың арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты арттыруға бағытталған.

Отырыс соңында ақсақалдар ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін бата жасап, дұға-тілектер айтылды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру