«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖАҢА ОҚУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

12 қыркүйек 2024 297 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде сауат ашу курсының басталуына орай шәкірттерді қабылдау рәсімі өтті.

Шараға ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов және мешіт ұстаздары мен шәкірттер қауымы қатысты.

Шара шымылдығы әуелі Құран аяттарымен ашылып, мешіт азаншысы Рахымжан Жолдас білім туралы қасиеті аяттарды оқып, дұға жасалды.

Шарада білім алудың тигізер пайдалары, дүние мен ақыреттегі қисапсыз сауабы туралы айтылып, ілім ізденуші шәкіртке қойылар талаптар да қамтылды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы аясында еліміздің бүкіл мешіттерінде сауат ашу курстары жаңа маусымда өз жұмыстарын бастағанын, білім ізденуші жандар үшін құлшылық үйінің есігі әрдайым ашық екендігі айтылып өтті.

Шара соңында шәкірттерге викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген жандарға Құран Кәрім кітабының қазақша аудармасы хадия етілді.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру