«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ (ФОТО)

16 маусым 2024 687 0
Оқу режимі

Бүгін мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айттың құрметіне «Әзірет Сұлтан» мешіті ауласында жамағатқа арналып ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті.

Атап айтсақ, «Асық ату», «Қол күрес», «Кір (Гир) көтеру», және «Арқан тартыс» ойыны. Тартысты ойында жамағат барынша белсенділік танытып, келушілер қызықты сәттердің куәсі болды.

Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіповтың басшылығмен өткен игі шарада жеңімпаздарға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар таратылды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Пікірлер Кіру