«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ САУАТ АШУ КУРСЫНЫҢ ЕКІНШІ ЛЕГІНЕ ШӘКІРТТЕР ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)
Қасиетті Шағбан айының шуақты күндерімен бірге «Әзірет Сұлтан» мешітінде игі бастама өз жалғасын тапты. Әйел жамағатына арналған сауат ашу курсының екінші легі ашылып, оған 450-ге жуық шәкірт қабылданды. Алла Тағаланың сөзіне жол ашуға ниет еткен жандар құлшылық үйінде бас қосып, білімге деген алғашқы қадамдарын жасады.
Кешті Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов көркем насихатымен ашып, игі шараға ақ батасын берді. Одан кейін мешіт ұстаздары Бекет Күлсара, Әсел Қыдырмина, Абдуманапқызы Гүлнұр, Нұргүл Әлиханқызы шәкірттерге ақжарма құттықтауларын жеткізіп, ізгі тілектерін білдірді.
Жиын барысында мешіт ұстаздары мешіт әдебі, ілімнің артықшылығы және Құранның ұлық дәрежесі жайында тағылымды насихат айтып, жаңа лекті алғашқы қадамдарымен құттықтады. Алла жолына қадам басқан шәкірттерімізге оқу жолында нық зейін, шынайы ықылас пен сарқылмас табандылық тілейміз.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!









