«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «РАМАЗАН ЖӘНЕ БАС ИМАМ САҒАТЫ» ЖАЛҒАСУДА (ФОТО)

24 наурыз 2024 1453 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде апта сайын «Рамазан және бас имам сағаты» айдары бойынша уағыз-насихат жұмыстары жалғасуда.

Осы жолы бесін намазына жиналған жамағатқа қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы Рамазандағы сауабы мол амалдардың түрлері жайында баяндап, Ислам тарихындағы ізгілердің сара жолына рухани шолу жасады.

Тағылымға толы насихатқа қатысқан мешіт жамағаты тың әрі қызықты мәліметтер алып, Рамазан айының қадір-қасиетіне тағы бір қанық болды.

Айта кетсек, қасиетті айда ҚМДБ тарапынан қолға алынған «Рамазан және бас имам сағаты» жобасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты бүкіл мешіттерде өткізіліп келеді.

Возможно, это изображение 1 человек, помост и текст

 

Пікірлер Кіру