«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ (ФОТО)

11 қазан 2024 296 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздарының атсалысуымен «Инабат» қыз-келіншектер клубы жамағатқа түрлі тағам түрлері мен тәтті бәліштер, ұлттық сусын түрлері ұсынылып, қасиетті жұма күнінде сауапты сауда жасауға жол ашты.

Айта кетейік, қайырымдылық жәрмеңкесінен жиналған қаражат соңғы тиынына дейін «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатының дәнекер болуымен түрлі қайырымдылық шараларына жұмсалып келеді.

Жамағаттың рахметін алып, науқас жандардың сауығуына көмектесуге мүмкіндік сыйлаған қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысушылардың қатары да соңғы кездері көбейе түскендей.

Пікірлер Кіру