«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағытының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары аясында «Ислам және адал қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Басқосуда мешіттің наиб имамы Әбдулахад Сманов негізгі баяндама жасап, исламдағы адалдық ұстанымдары мен олардың қоғам өміріндегі маңызына тоқталды. Ол дін мен дәстүр сабақтастығы, адамгершілік құндылықтар және әр адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі жөнінде уағыз-насихат айтты.
Жиынға мешіт ұстазы Ерсайын Сәкенов те қатысып, тақырып аясында насихат жүргізді. Кездесуде адалдықты өмірлік ұстанымға айналдыру, ұлттық құндылықтарды сақтау және қоғамдағы ізгілік пен әділдікті нығайту мәселелері қозғалды.
Іс-шара ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында рухани құндылықтарды дәріптеп, дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттауға бағытталды.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі