«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ (ФОТО)

03 маусым 2024 1373 0
Оқу режимі

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Ата мен әженің балаларға берер тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өтті.

Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіповтың басшылығымен өткен жиынға ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер, мешіттің имам, ұстаздары мен шәкірттері қатысты.

Жиын ең әуелі қасиетті Құран аяттарымен ашылып, бас имам Ерболат Нұрылдаұлы өзінің алғы сөзінен соң қазыналы қарттарға сөз кезегін ұсынды.

ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты аясында өткен басқосуда көпті көрген қариялар мен психолог мамандар бала тәрбиесіне қатысты аталар мен әжелер мектебін айта келе қазақы тәрбиені бойға сіңіру, ұрпақты иманды, білімді етіп тәрбиелей туралы тәжірибелері мен ой-тұжырымдарын ортаға салды.

Осы ретте айта кетсек, ұрпақ тәрбиесінде байырғы ата мен әже мектебін қайта жаңғырту мақсатында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен еліміздегі әрбір мешітте «Аталер мектебі» мен «Әжелер мектебі» клубтары іске қосылған болатын. Бүгінгі өткен жиын да соның бір көрінісі.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Пікірлер Кіру