«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ ШӘКІРТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ (ФОТО)

12 қыркүйек 2024 253 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде сауат ашу курсының басталуына орай әйел шәкірттерді қабылдау рәсімі өтті.

Шара шымылдығы әуелі Құран аяттарымен ашылып, мешіттің наиб имамы Омар Сәлімбеков білім туралы қасиеті аяттарды оқып, дұға жасалды.

Шараға Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов, мешіт имамдары, әйел ұстаздар мен шәкірттер қатысты.

Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы болашақ шәкірттерге білім алудың тигізер пайдалары, дүние мен ақыреттегі қисапсыз сауабы туралы айтса, Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі, ұстаз Элмира Бұхарбаева, ұстаздар Күлсара Бекет және Нұргүл Әлиханқызы жаңа оқу маусымының талаптары мен ережелерін таныстырып өтті.

Айта кетсек, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы аясында еліміздің бүкіл мешіттерінде сауат ашу курстары жаңа маусымда өз жұмыстарын бастады. Білім ізденуші жандар үшін құлшылық үйінің есігі әрдайым ашық.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру