«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ӘР ЖҰМА «ПӘТУА САҒАТЫ» ӨТКІЗІЛІП КЕЛЕДІ (ФОТО)

20 қыркүйек 2024 69 0
Оқу режимі

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма намазынан кейін жамағатқа «Пәтуа сағаты» өткізілді.

Мешіттің наиб имамы Омар Сәлімбеков Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі тарапынан мақұлданған діни үкімдерді таныстырды. Мұсылманның күнделікті тұрмыс-тіршілігі мен құлшылығына қатысты көптеген мәселелердің түйіні тарқатылды.

Айта кетсек, әр жұма сайын Астана қаласы өкілдігіне қарасты барлық мешіттерде «Пәтуа сағаты» өткізіліп келеді. Басты мақсат – жамағат арасында туындаған шешімін таппай жүрген сұрақтарға жауап беру, көпшілікке шариғи үкімдерді таныстыру.

Пікірлер Кіру