«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ 200 ӘЙЕЛ ШӘКІРТКЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)
22 қаңтар 2026
103
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінде салтанатты түрде 200 шәкіртке сертификат табысталып, алғашқы Құран кітаптары сыйға тартылды.
Қыркүйек айынан бастап сауат ашып, бүгінде Алланың Кітабын оқуға жеткен шәкірттерді марапаттау қасиетті Шағбан айына тұспа-тұс келіп, шараның маңызын одан әрі арттырды.
Кештің шымылдығын Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов көркем насихатымен ашып, игі шараға ақ батасын берді. Одан кейін мешіт ұстаздары Бекет Күлсара, Әсел Қыдырмина, Абдуманапқызы Гүлнұр, Нұргүл Әлиханқызы шәкірттерге жүрекжарды құттықтау сөздерін арнап, ізгі тілектерін білдірді. Ұстаздар әр шәкіртке өз Құранын табыстап, мешіт іші қуаныш пен тебіреніске толды.
Шәкірттеріміздің жолы ашық болып, жүректері әрдайым Құран нұрына байлансын деп тілейміз.











Пікірлер
Кіру