«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ: АПТА САЙЫН «РАМАЗАН ЖӘНЕ БАС ИМАМ САҒАТЫ» ӨТЕДІ (ФОТО)

16 наурыз 2024 1568 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде апта сайын «Рамазан және бас имам сағаты» айдары бойынша уағыз-насихат айтылуда.

Аталмыш айдар бойынша осы жолы қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы Рамазан айының қадір-қасиеті мен осы кезеңде жасалар амалдардың мол сауабы жайында айтып, қасиетті айды құлшылықпен өткізуге шақырды. Бесін намазының алдында айтылар уағыз-насихатқа мешіт жамағаты қатысып, тағылымды дүниелерге қанықты. 

Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінің инстаграм парақшасында (@aziretsultanmosque) күн сайын сағат 17:10-да ұстаздармен тікелей эфир өтуде. Мешіт ұстаздары Рамазанға қатысты әртүрлі тақырыптарда уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Тікелей эфир арқылы өтіп жатқан онлайн Құран хатым жобасы да осы тізбекті жалғайды.

Аталмыш игі бастамалар Рамазан айы бойы жалғасын табады.

14 адам және жиын кескіні болуы мүмкін

1 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

1 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

1 адам кескіні болуы мүмкін

1 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

 

 

 

Пікірлер Кіру