«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: МЕШІТ АҚСАҚАЛДАРЫ АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ (ФОТО)

05 тамыз 2024 607 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Аталар мектебі» клубының ақсақалдары «Балақарағай» демалыс орнында бас қосты.

Жиын барысында ақсақалдар спорттың волейбол, садақ ату түрлерінен бақ сынасты. Табиғат аясында өткен шараға көнекөз қариялар өмірден түйген өнегелі әңгімелерін өрбітіп, астарлы ойларын ортаға салды. Және осы жиынды ұйымдастырып отырған ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне өз ризашылықтары мен алғыстарын жеткізді.

Дін мен дәстүр бағыты аясында өткен жиынға ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сүлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Қайролла Кушкалиев және мешіт ақсақалдары мен басқа да дін қызметкерлері қатысты.

Айта кетсек, аталмыш жиын ақсақалдарға құрмет көрсетіп, мешіт жамағаты болып жүрген қарияларымыздың арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты арттыруға бағытталған.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру