Айя-Софияға мешіт мәртебесін беруге тыйым салынды
17 қыркүйек 2018
7783
0
Оқу режимі
Түркия Жоғары Соты бір топ қоғам белсенділерінің Айя-Софияға мешіт мәртебесін қайтарып беру туралы ұсынысын кері қайтарды. Анадолы агенттігі хабарлағандай, сот төрағасы ұсыныс құжатындағы қателіктер негізінде осындай шешім қабылдаған.
Айта кетейік, Айя-София музейінің (бұрынғы Әулие София соборы) іргетасы IV ғасырда қаланған. 1453 жылы Константинополь азат етілген соң ғимарат мешітке айналдырылған болатын. Ал, 1934 жылы ғимаратқа музей мәртебесі берілген.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру