Әйгілі Мұхаммед Әли әуежай символына айналды

20 тамыз 2019 5614 0
Оқу режимі

Аты аңызға айналған боксер Мұхаммед Әлидің туған қаласында орналасқан Луисвилла әуежайында оның тактикалық схемасының символына айналған қанатты сөзі жазылған логотип пайда болды. 

«Көбелек секілді қалқып, ара сияқты шағып ал»

(Float like a butterfly, sting like a bee)

Логотипте боксердың көбелек қанатының фонында жеңіс тұғырында тұрған сұлбасы бейнеленген.

Логотип авторларының айтуынша, олар Мұхаммед Әлидің жеңістері мен толеранттылығын мақтан тұтқандықтан, осы логотипті таңдаған екен. Логотиптің түсі қызылдан ақшыл қызыл түске өзгеріп тұрады. Ол өз кезегінде күш пен қуатты көрсетуде дейді. 

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру