ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА «ҚОЛӨНЕР – СЫРЛЫ ӨНЕР» АТТЫ МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

01 наурыз 2023 2778 0
Оқу режимі

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Көктал» мешітінің ұйымдастыруымен  «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша «Қолөнер  сырлы өнер» атты мастер-класс өтті. 

Мастер-классқа тігін саласы бойынша жеке кәсіпкер, «Шынар» қолөнер мектебінің негізін қалаушы Калелова Шынар Калымбекқызы мен тігін маманы Дакис Бегжан шақырылды. Жамағатқа оюлы жастықтың қалай тігілетінін, сондай-ақ, орамалды ұлттық оюлармен әсемдеу үлгілерін көрсетті.

Жиынға ҚМДБ әйел-қыздар секторының меңгерушісі  Динара Құтқожақызы қатысып, жылы лебізін білдірді. 

Жиналған жамағат кәсіби мамандардың көрсетуімен ұлттық нақыштағы киімдер тігуді үйреніп, қызығушылықтарын білдірді.. Көкейдегі сұрақтарын қойып, тың ақпараттарға қанық болды.   Жиын соңында шақырылған қонақтарға  сый-сияпат табысталып, дастархан жайылды. 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру