Әйел жамағатына арналған жұма насихаты басталды (ФОТО)

25 ақпан 2022 3385 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен енді әр жұма сайын намаздан кейін қыз-келіншектер қауымына арналған насихат сағаты өткізіліп тұратын болмақ. Бұған дейін елдегі карантиндік шектеулерге байланысты желісі үзіліп қалған игі дәстүр бүгін қайта жалғасып, «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты жұма намазынан соң ұстаз Динара Құтқожақызының уағызын тыңдады.

«Тазалық – иманның жартысы» тақырыбында сөз өрбіткен мешіт ұстазы Динара Құтқожақызы асыл дініміздегі тазалық ұғымының орны ерекше екенін жеткізіп, Құран аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінен өнеге үйретті. Насихат соңында жамағат сұрақтарына да кезек беріліп, білікті ұстаздың тұшымды жауаптарына қанықты.

Айта кетйік, Нұр-Сұлтан өкілдігі Әйел-қыздар секторының мұрындық болуымен игі шара жалғасып тауып, қасиетті жұма сайын Бас мешіттің әйел жамағатына Елорда ұстаздары, білікті мамандар насихат айтатын болмақ.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру