«АТАЛАР МЕКТЕБІ»: ҚАРИЯЛАР ЕЛ ҮШІН ДҰҒА ЕТТІ (ФОТО)

05 тамыз 2024 656 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Аталар мектебі» клубының ақсақалдары «Балақарағай» демалыс орнында бас қосты.

Табиғат аясында өткен жиында ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіповтың басшылығымен жамағатпен намаз оқылып, ел амандығы мен жұрт тынышытығы үшін дұға-тілектер жасалды.

Сондай-ақ, көнекөз қариялар өмірден түйген өнегелі әңгімелерін өрбітіп, астарлы ойларын ортаға салды. Және осы жиынды ұйымдастырып отырған ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне өз ризашылықтары мен алғыстарын жеткізді.

Айта кетсек, аталмыш жиын ақсақалдарға құрмет көрсетіп, мешіт жамағаты болып жүрген қарияларымыздың арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты арттыруға бағытталған.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру