АСТАНАЛЫҚ ИМАМДАР ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ КӨҢІЛІН СҰРАЙ БАРДЫ (ФОТО)

28 тамыз 2024 586 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған елордалық имамдар жақында ғана ауруханадан шыққан әріптестерінің көңілін сұрап барды.

Еске салсақ, Астана өкілдігіне қарасты «Көктал» мешітінің ұстазы Хурсанд Бердімұрат жуырда жол апатына түсіп, екі аяғын жарақаттап алған болатын. Жарақатына сәтті ота жасалған дін қызметкері енді ғана күрделі операциядан шығып, өзінің шаңырағына оралды.

Өкіл имам бастаған дін қызметкерлері Хурсанд ұстазға ақшалай көмек беріп, өздерінің ақ батасы мен ізгі дұға-тілектерін арнады. Ертерек сауығып, аяққа тұрып, қызметіне оралуын тіледі.

Пікірлер Кіру