АСТАНАДАҒЫ «AL-FATTAH» МЕШІТІНЕ НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

04 қазан 2024 466 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Al-Fattah» мешітіне наиб имам тағайындалды. 

Қасиетті жұма күнінде өткен тағайындауға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Тамирлан Дарханұлы қатысып, жиналған жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді. Сондай-ақ, енді ғана қызметіне кіріскелі жатқан наиб имам Серікжан Еншібайды жамағатқа тыныстырып, жаңа қызметіне сәттілік пен береке тіледі.

Серікжан Еншібай
1982 жылы 8 қыркүйекте дүниеге келген.

Білімі:
Халықаралық қазақ-араб университетін бітірген;
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетін тәмамдаған;
Түркия мен Египетте білімін жетілдіру курсынан өткен;

Тәжірибесі:
ҚМДБ-да референт болып жұмыс істеп, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы, Ақтөбе қалалық мешітінің бас имамы қызметтерін атқарды. 2018-2021 жылдары Алматы қаласындағы «Ибрахим» мешітінде бас имам болған. 2021 жылдан бастап Ақтөбе облысының Бас имамы қызметін атқарған.

Пікірлер Кіру