АСТАНАДА МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ (ФОТО)
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігіне қасты мешіт қызметкерлері арасында вoлейболдан жарыс өтті.
Жарысқа «Ақ мұнара» (Республикалық бас мешіт), «Сұлтан» командасы («Әзірет Сұлтан» мешіті), «Қарашаңырақ» («Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті мен «Әр – Рахман» мешіті), «Мінбер» («Aq meshit» пен «Төлебай» мешіті), «Turan» («Al-Fattah» және «Әл-ғани» мешітінен), «Алаш» («Райса ана» пен Көктал мешіті), «Үммет» («Әл-Фараби» мешіті мен «Әлжан ана» мешіті), «Сарыарқа» («Ырыскелді қажы» мешіті мен «Ас-Салам» мешіті) қатарлы 8 команда жарысқа түсіп тартысты ойын көрсетті.
Нәтижесінде, үш команда жүзден жүйрік шықты. Олар: І орынды «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті мен «Әр – Рахман» мешітінен құралған «Қарашаңырақ» командасы иеленді. Ал, ІІ орынды «Aq meshit» пен «Төлебай» мешітінің қызметкерлерінен құралған «Мінбер» командасы, ІІІ орынды Республикалық бас мешіттің «Ақ мұнара» командасы алды.
Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қатысып, дін қызметкерлерін салауатты өмір салтын ұстану мақсатында өткізілген іс-шараның мән-маңызына тоқталып, мұсылман қауымы үшін спорттың, денсаулықтың қадір-қымбаты айырықша екенін еске салды. Қаланың бас имамы жүлдегерлерді марапаттап, сыйлықтарды табыс етті.
Жеңімпаз комндалар арнайы жүлделермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Дереккөз: Muslim.kz