Астанада Ғұламалар Кеңесінің ХХ мәжілісі басталды (ФОТО)
09 қазан 2018
7488
0
Оқу режимі
Бүгін Астана қаласында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХ мәжілісі басталды.
Кеңес жұмысында із-түссіз кеткен адамға қатысты шариғат үкімі, маһр (қалыңдық сыйы) үкімі, салық төлемеудің үкімі, жолаушының намазына қатысты мәселе, валюта курсының өзгеруіне байланысты қарызды төлеу үкімі, т.б. тақырыптар төңірегінде дайындалған пәтуалар мәтіні жан-жақты талқылануда.
Талқылаудан өткен пәтуаларды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бекітетін болады. Дайын болған пәтуалар ҚМДБ-ның fatua.kz сайтында жарияланады.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру