Астанада әйел-қыздар секторы жылдық жоспарын бекітті (фото)
Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Астана өкілдігіне қарасты Әйел-қыздар секторының 2023 жылға арналған жиыны өтті.
Жиынды Астана өкілдігі бойынша Әйел-қыздар секторының басшысы Зарина Шамидуллақызы жүргізді. Жиналыста Астана мешіттерінің ұстаздары жыл бойы атқарылатын жұмыс бағытын талқылап, іс-шаралар жоспарын бекітті. Әр бағыт бойынша атқарылатын жұмыстар қаралып, ұстаздарға арнайы тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, «уағыз-насихат», «діни сауат ашу», «қайырымдылық», «дін мен дәстүр» және «қоғамдық-мәдени» бағыттар бойынша қарқынды жұмыс істеу қолға алынбақ. Сондай-ақ, онлайн сабақтарды бастауға маңыздылық беру керектігі айтылды.
Жиын соңында ұстаздар өткен жылы атқарылған жұмыстарды талдай отырып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Айта кетейік, Елордада 13 мешіт, (9 мешітте)13 әйел ұстаз қызмет атқарады.
Дереккөз: Muslim.kz