АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӨКІЛІ «AR-RAHMAN» МЕШІТІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

02 қыркүйек 2024 525 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов елордадағы «Ar-Rahman» мешітіне бақылау-басқару бағыты аясында ат басын бұрып, құлшылық үйінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

Мешіт имамы Жандос Атембаев құлшылық ордасының жай-күйімен таныстырып, өкілдік тарапынан берілген тапсырмалардың жүзеге асып жатқанын жеткізді.

Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов тиісті тапсырмалар беріп, олқылықтарға жол берілмеу керектігін қаперге салды.

Артынша өкіл имам жамағатпен жүздесіп, уағыз-насихат жасады.

Пікірлер Кіру