АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖИЫНҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

29 тамыз 2024 1028 0
Оқу режимі

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті. 

Іс-шара мақсаты – дінаралық және ұлтаралық келісімді нығайту, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттік негіздері мен азаматтық құқықтарды нығайтудағы маңыздылығын айқындау.

Шараға ҚР МАМ-нің Дін істер комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан Болатқанұлы, Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Көшқали Қайролла Дүйсешұлы, Астана қаласының бас имамы Жүсіпов Ерболат Нұрылдаұлы, Успен Кафедральді Соборының ключарі Байдек Дмитрий Филиппович, «Астанадағы Қасиетті Мәриям Рим-католиктік Архиепархиясы» архиепископ-митрополит Томаш Бернард Пэта және  Астана қ. «Евангельдік-Лютерандық шіркеу» Епископі Новгородов Ростислав Юрьевич қатысты.

Айтулы іс-шара бағдарламасында: шақырылған ресми тұлғалардың құттықтау  сөздері, мәдени бағдарлама, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихына арналған Ұлттық музей залдарына экскурсия жүргізілді.

Аталған жиынның әртүрлі діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік пен тұрақтылықты сақтаудағы рөлі ерекше. Сонымен қатар еліміздің Ата заңы – Конституцияның  адам құқықтары мен негізгі құндылықтарға баса мән беретіндігін айқындайды.

Пікірлер Кіру