АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

31 мамыр 2024 1017 0
Оқу режимі

Астана қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 1 маусым Балаларды қорғау күні және 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай арнайы дөңгелек үстел өтті.

Қоғамдық ұйымдардың басшылары мен жоғарғы оқу орындарының ұстаздары бас қосқан жиынға ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы шақырылып, аталмыш жиынға қатысып қайтты.  

Шара барысында бүгінгі күні балалар арасында жиі орын алып жатқан буллинг, лудамания секілді рухани дерттер туралы сөз қозғалып, олардың алдын алу туралы нақты шешімдер мен ұсыныстар ортаға салынды. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы физикалық, психологиялық қақтығыстарды болдырмау, отбасылық институттың жұмысын нығайту мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздердің тарихы, қабылдануы және оны құрметтеу туралы арнайы баяндамалар оқылды.

Шара соңында мереке аясында бүлдіршіндердің көкейіне қуаныш сыйлау мақсатында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табысталып, қатысушылар естелікке фотосуретке түсті.

4 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

7 адам және "ЗАЩИТА ДЕТЕЙ ЗАЩИТА БУДУщЕГО СТРАНЫ TSl ዓ" мәтіні кескіні болуы мүмкін

6 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

‎8 адам, жаңалықтар бөлімі және ‎"‎DINDERDIZERTTEU ZERTTEU ORTALYGY 6AЛAЛAPAbl KoPrAy ΕΛΙΜΙ3AΙH 6OЛAWArblH KOPFAYMEH TEH 3AWИTA AETEЙ WИTA 6y WEH TPA ΡΑΡΙ غبب ORID‎" мәтіні‎‎ кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру