АСТАНА ҚАЛАСЫ ӨКІЛДІГІ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА 55 ТОННА КӨМІР ҮЛЕСТІРДІ (ФОТО)
10 желтоқсан 2025
102
0
Оқу режимі
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жылу сыйла» акциясы аясында 100 отбасыға 55 тонна көмір үлестірілді.
Іс-шараға Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев қатысты.
«Жылу сыйла» акциясы мұқтаж жандарға жылулық пен қолдау көрсету, олардың қысқы кезеңді қиындықсыз өткізуіне жағдай жасауға бағытталған қайырымдылық жобасы. Осы жолы көмір алған отбасылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, көмектің дәл уақытында жеткенін атап өтті.




Пікірлер
Кіру