АСТАНА ӨКІЛДІГІНІҢ ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ АЛДАҒЫ ФОРУМ ЖҰМЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

12 қыркүйек 2024 265 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Ерболатұлының қатысуымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы жиын өтті.

Басқосу барысында 18 қыркүйек күні «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өтетін «Жастар – руханият шамшырағы» атты ІІ республикалық жастар форумына дайындық жұмыстары пысықталды. Және бір күн бұрын яғни, 17 қыркүйек күні Жастар кеңесі өтпек. Осыған орай Астана қаласы жастарының көмегі мен атсалысуы өте маңызды екендігі айтылды.

Сол себепті Астана қаласы Жастар ісі секторының жетекшісі Рахымжан Жолдас өкілдікке қарасты мешіттердегі жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар беріп, алдағы форум жұмысына барынша атсалысуға шақырды. Әр мешіттегі сектордың жауапты мамандарына тапсырмалар бөлініп, шараға бір кісідей атсалысуға шақырылды. Сондай-ақ, секторға қарасты белсенді жастардың ой-пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Пікірлер Кіру