АСТАНА ӨКІЛДІГІ: ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ПӘТУАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

06 қыркүйек 2024 619 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары бас қосып, арнайы жиын өткізді.

Шараға ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов, Шариғат және пәтуа бөлімінің Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Дарханұлы Тамирлан және өкілдіктің осы салаға қатысты дін қызметкерлері де қатысты.

Жиында пәтуа бөлімінің қазіргі жұмыс барысы талқыланып, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде талқыланып, шариғи шешімі бекітілген пәтуаларды жамағатқа жеткізіп, мұсылман қауымға кеңінен түсіндіру жұмыстары жайлы айтылды.

Сондай-ақ, жиналыста аталмыш бөлімнің жұмысын жан-жақты жетілдіру тетіктері қарастырылып, өзара пікір-ұсыныстар мен идеялар талқыға салынды.

Пікірлер Кіру