АСТАНА ӨКІЛДІГІ ЕЛОРДА ЖАСТАРЫ ҮШІН ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙГЕ ТЕГІН ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ (ФОТО)

02 наурыз 2023 3757 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен Елорда студенттеріне арнап ҚР Ұлттық музейінде тегін экскурсия ұйымдастырылды. Шараға Астана қаласындағы Студенттер альянсының 30-ға жуық студенті қатысты.

Қала Бас имамы Ерболат Жүсіпов 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай   музей қызметкерлеріне ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде қосқан үлесі үшін  алғыс білдіріп, Астана мешіттері мен студенттер атынан сый-сияпат табыстады. 

«Бүгінгі іс-шараның тәлім-тәрбиесі мол. Өйткені ата-бабамыз тұтынған тарихи жәдігерлермен, ұстанған өмір салтымен жақынырақ танысуға мүмкіндік туды. Студенттер де, мешіт қызметкерлері де бүгінгі экскурсия барысында тың дүниелерге қанығып, білім көкжиектерін кеңейтті», - деді Ерболат Нұрылдаұлы.  

Өз кезегінде, Экскурсиялық жұмыс, музей педагогикасы және экспозициялық залдарды сақтау қызметінің басшысы Жанар Беисова да өз ризашылығын білдіріп, Ұлттық музейдің алтын және күміс бұйымдары жайлы шығарылған «Ғасырлар алтыны» атты кітапты естелікке сыйға тартты. 

Музейдегі жәдігерлермен танысып болғаннан кейін студенттерге тәттілер мен шай беріліп, тағылымды отырыс ұйымдастырылды. Дастархан басында қала бас имамы студенттерге жастық шақтағы уақыттың маңыздылығы жөнінде насихат айтты.

Суреттер топтамасын ФОТОГАЛЕРЕЯ айдарынан көре аласыз. 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру