АСТАНА ӨКІЛДІГІ 1022 ОҚУШЫНЫ МЕКТЕПКЕ ӘЗІРЛЕДІ (ФОТО)

26 тамыз 2024 410 0
Оқу режимі

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде «Мектепке жол-2024» қайырымдылық шарасы өтіп жатқанын білесіздер. Осы игі дәстүр бойынша Астана қаласы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Елордада 1022 оқушыға қуаныш сыйлады.

Айта кетейік, «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық акциясы биыл 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету.

Пікірлер Кіру