АСТАНА МЕШІТТЕРІНДЕ ҚАЖЫЛЫҚ СЕМИНАРЛАРЫ ӨТКІЗІЛІП КЕЛЕДІ (ФОТО)

09 желтоқсан 2024 4332 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы негізінде «Имам – ізгі қоғам жаршысы» V Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар тізімінде «Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжаты болған еді. Қажылармен әрдайым тығыз байланыста болып, олармен нәтижелі жұмыс істеу үшін бұл құжат маңызды орын алады. 

Осыған орай «Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжатын насихаттау мақсатында елорда мешіттерінде жамағатқа қажылық пен умра рәсімдері туралы уағыз айтылып, тұғырнамалық құжат ұдайы таныстырылып келеді.

Құжаттың негізгі мақсаты - бес парыздың бірі қажылық құлшылығын өтеп келген отандастарымызды қоғамда көркем мінезімен, өнегелі істерімен үлгі көрсетуге және қажы деген құрметке лайықты болуға шақыру.

Пікірлер Кіру