АСТАНА ИМАМДАРЫНЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мешітінде «Имамның тұлғалық бейнесі» атты имамдардың білімін жетілдіру семинары болып өтті.
Ғылыми жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағаcының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы Дүйсенбай мен Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов және Елорданың дін қызметкерлері қатысты.
Астана қаласының Бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы басқосу шымылдығын ашып, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлына сөз кезегін ұсынды. ҚМДБ-ның төраға орынбасары жиын барысында ҚМДБ тарапынан бекітілген негізгі құжаттар жайлы баяндап, имамдардың атқарар міндеттемелерін тағы бір қаперге салды. Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі жазылған арнайы кітапшалар имамдарға таратылып, аталмыш кітап негізінде қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиын соңында имам, ұстаздардың ұсыныс, пікірлері тыңдалып, көпшілікпен бірге ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға-тілектер жасалды.
Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!