АСТАНА ИМАМДАРЫНА ЖАТ АҒЫМ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен дін қызметкерлерінің басын қосқан семинар жиыны болып өтті. Діни оңалту бағыты бойынша жат ағымдардан сақтандыру тақырыбында өткен жиынға ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің басшысы Данияр Кенжалин, Шымкент қаласы Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Дастан Желеуов және Астана қаласының дін қызметкерлері қатысты.
Жиында жат діни ағымдардың жетегінде кеткендерге уағыз-наисхат айтудың маңызы түсіндіріліп, діни оңалту жұмыстары бойынша кеңестер мен әдіс-тәсілдер ортаға салынды. Діни оңалту бөлімінің басшысы Данияр Кенжалин мен РАНТ мүшесі Дастан Сүлейұлы өз тәжірибесімен бөлісіп, дін қызметкерлерімен деструктивті жат ағымдармен жұмыс жасаудың қыр-сырларын ортаға салды.