АСТАНА ИМАМДАРЫНА «НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» АТТЫ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ (ФОТО)

24 ақпан 2024 1766 0
Оқу режимі

Астана қаласының имам, ұстаздарына арналған «Неке және отбасы құндылығы» атты семинар болып өтті.

«Әлжан ана» мешітінде өткен дін қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіруге арналған тәжірибелік жиынға Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Медет Құрсақов, «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлы және Астана қаласының имам, ұстаздары қатысты.

Басқосуда Медет Құрмашұлы дін қызметкерлеріне ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынас, некенің шарттары, мәһр мәселесі мен оның түрлерін сөз етті. Бүгінгі қоғамда туындап отырған ерлі-зайыптылар арасындағы негізгі түйіткілдер де әңгіменің арқауына айналды. Кездескен қиындықтарды шариғат жолымен оңтайлы шешіп, жанұялық қарым-қатынасты нығайтуға жағдай жасау, отбасыдағы зорлық-зомбылық пен келеңсіз жағдаяттарды болдырмау секілді мәселелер қозғалды.

Жиынға қатысушы дін қызметкерлері шариғат және пәтуа бөлімінің маманынан өзекті сауалдарға жауап алып, пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Жиын соңында еліміздегі әрбір отбасының татулығы мен берекесін тілеп, көпшілікпен дұға жасалды.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру