АСТАНА ИМАМДАРЫМЕН ҰЖЫМДЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ (ФОТО)

17 қазан 2024 170 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласының өкілі «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған елордалық имамдар ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы аясында ұжымдық жиын өткізді.

Жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының игі бастамалары аясында жүзеге асырылуы тиіс күн тәртібіндегі негізгі тапсырмалар талқыланып, орындалу барысы таныстырылды.

Сондай-ақ, әртүрлі бағытқа жауапты мамандарға Астана қаласының Бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы тиісті тапсырмаларды жүктеп, өздеріне артылған аманатты орындауда жауапкершілікпен қарап, өкілдік қызметкерлерін қырағы болуға шақырды. Ал, басқосу соңында ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға-тілек жасалып, жасы үлкен ардагер имамдар ақ батасын берді.

Айта кетсек, Астана имамдарымен өтіп жатқан аталмыш ұжымдық жиын әр аптаның бейсенбі күні жалғасын тауып отырады.

Пікірлер Кіру