АСТАНА ИМАМДАРЫ «ҚАРАӨТКЕЛ» ЗИРАТЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

14 қараша 2024 477 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дархан дала» және Алаштану жобасы аясында Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған имамдар Елордадағы Кенесары ханның 200 әскері мен Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханұлының күйеубаласы Смағұл Сәдуақасов сынды тұлғалар жерленген «Қараөткел» зиратын зиярат етті.

ҚР ҰҒА академигі, әдебиет тарихшысы, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы бабаларымыздың өткен тарихынан сыр шертіп, ой салар оқиғаларды тілге тиек етті. Және зират басында бабалар рухына қасиетті Құран Кәрім аяттарының сауабы бағышталды.

Кенесары Қасымұлы (1837-1847) – көрнекті мемлекет қайраткері, жалпы қазақ ханы (1841-1847 жж.). Ақсүйек, Жошы ханның ұрпағы.  Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күрестің жетекшілік етіп, Қоқан хандығына қарсы соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақ халқы мен ресейлік әскери тұлғалар арасында үлкен беделге ие болды.

Пікірлер Кіру