АСТАНА ИМАМДАРЫ АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

10 қыркүйек 2024 278 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала дүбірі» ұлттық ойындарының сайысы өтті.

Бұл шараға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің басшысы Нұрбек Әуезханұлы, Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов және Астана қаласының имам, ұстаздары қатысты.

Шара барысында дін қызметкерлері арасында бәйге, көкпар, асық ату, арқан тарту ойындарынан сайыс жүлдегерлері анықталып, жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар сый-сыяпатпен марапатталды.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында өткен шара өте қызықты деңгейде жүзеге асып, имамдар өздерін басқа қырынан көрсетті. Астана қаласының өкілі Ерболат Жүсіпов Дін мен дәстүр бағыты аясында алдағы уақытта осы сынды игі бастамалар жалғасын табатынын атап өтті.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру