«ӘС-СӘЛАМ» МЕШІТІ «СУЫҚ КҮНДЕ ЖЫЛУ СЫЙЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)
«Әс-Сәлам» мешіті «Суық күнде жылу сыйла» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция аясында қала көшелерінің тазалығын қамтамасыз етіп жүрген еңбек адамдарына арнап түскі ас пен ыстық шайлар таратылды.
Қысқы суықта таңның атысынан кештің батысына дейін адал еңбек етіп жүрген көше тазалаушыларға көрсетілген бұл қамқорлық – қоғамдағы мейірім мен бірліктің айқын көрінісі. Шара барысында мешіт қызметкерлері жұмысшылармен жүздесіп, жылы лебіздерін білдіріп, еңбектеріне алғыс айтты.
Қайырымдылық акциялары алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Қиын жағдайда жүрген жандарға қолдау көрсету, жылу мен қамқорлық сыйлау – дініміз бен ұлттық құндылықтарымыздың ажырамас бөлігі. Көше тазалаушылар өз кезегінде көрсетілген ықылас пен құрмет үшін алғыстарын білдірді.










