«ӘС-СӘЛАМ» МЕШІТІ ҚАРТТАР ҮЙІНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)
08 ақпан 2024
1637
0
Оқу режимі
Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. Қарт десе, әркімнің көз алдына ақ жаулықты әже мен ақсақал қария елестері анық. Алайда перзент атаулының бәрі қазыналарын қадірлеп, қарттарын алақанда аялап отырмағаны қынжылтады. Осындай көмекке мұқтаж қарияларға көмектесу үшін қызмет ететін Астана қаласы әкімдігінің "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қазыналы қарттарымызды өз қамқорлығына алып отыр.
Бүгін сол орталықтағы қарттарымызға "Әс-Сәлам" мешіті қайырымдылық мақсатында үлкен адамдарға арналған гигиеналық заттарды табыстап, өз көмектерін көрсетті.
Пікірлер
Кіру