Арыста 435 үйге жөндеу жұмыстары басталды

03 шілде 2019 5167 0
Оқу режимі

Арыста 435 үйге жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жайында Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабар таратты.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, Арыс қаласы мен қала маңында 8867 үй бар. Соның 6127 үйі жарылыстан бүлінген. Осылайша 27 үй толықтай қайтадан салынатын болды.

«Қазіргі таңда Арыс қаласы 17 секторға бөлінген. Бұл секторлардағы жөндеу жұмыстарына республиканың 16 облысынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 170 арнайы бригада келіп, 1194 құрылысшы іске кірісті. Олар тұрғын үйлерді бағалау жұмыстарын жүргізіп, 435 үйге жөндеу жұмыстарын бастап кетті», – делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Жалпы, Арыс қаласындағы бүлінген үй-жайлар 17 секторға бөлініп жөнделетін болмақ.

Айта кетейік, 24-маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарылған болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру