Араб даласынан 8 000 жыл бұрынғы жұмбақ тұғыртас табылды
11 маусым 2020
5637
0
Оқу режимі
Сауд Арабиясы, Франция және Италия елдерінің археологтарынан құралған MADAJ зерттеу компаниясы араб даласындағы Дамат әл-Жандал оазисінен жұмбақ тұғыртас тапқандарын жариялады. Оливин Муньос есімді ғалымның жетекшілігімен жүргізілген қазба жұмыстары негізінде археологтар ұзындығы 35 метр болатын тұғыртасқа жолыққан.
Археологтардың болжамы бойынша, ұшбұрыш пішіндес етіп жасалған тұғыртас қандай да бір діни рәсімдерге байланысты жасалған. Сондай-ақ, тұғыртас құрылысы бірнеше кезең бойынша жүргізілген. Алғашқы құрылысы біздің заманымызға дейінгі алтыншы мыңжылдықта басталған.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру