«ӘР-РАХМАН» МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әр-Рахман» мешітінде Құранға түскен 20 шәкіртке өкілдік атынан арнайы сертификаттар табысталды.
Құран Кәрім аяттарымен басталған шарада Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов шәкірттерге Құран оқудың сауабы мен артықшылықтарын айта отырып, ілім жолында сәттілік тіледі. Сосын арнайы сертификаттар мен Құран Кәрім кітабын сыйға тартты.
Сондай-ақ өкіл имам белсенді қызмет атқарып жүрген «Әр-Рахман» мешітінің екі бірдей қызметкеріне 160 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріп, тағы бір қызметкерге Ұмра қажылығына жолдама табыстады. Онымен қоса, мешіттің техникалық игілігі үшін жұмыс істеуге арналған су жаңа компьютер сыйға берілді.
Артынша құлшылық үйінің бас имамы Жандос Сейдахметұлының ұйымдастыруымен жамағат жайылған ақ дастархан басында имани әңгіме-дүкен құрып, ғибратқа толы сұхбаттар жүрді.