Ақтөбеде қайырымдылық мекемесі ашылды (ФОТО)

17 наурыз 2022 3192 0
Оқу режимі

Бүгін Ақтөбе қаласында «Әс-Сәлам» жеке қайырымдылық мекемесі (медресе) ашылды.

Мекеменің ашылу рәсіміне қатысқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Діни басқарма жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық береді. Соның бірі – қайырымдылық. Мақсатымыз – көпбалалы, көмекті қажет ететін отбасыдан шыққан оқушыларға қолдау көрсету. Осы мекемеге қабылданған оқушылар мектептегі сабағын оқумен қатар имандылық дәрістерін тыңдайды. Мақсат – отаншыл, иманды, білімді жастар санын арттыруға үлес қосу. Осы ретте Діни басқарма бастамасын қолдап, Қайырымдылық мекемесін салуға демеуші болған азаматтарға айрықша алғысымды білдіремін» дей келе, игі іске ұйытқы болған бір топ азаматқа алғыс хатын табыстады.

Айта кетсек, бүгінде Қайырымдылық мекемесінде 42 шәкірт тәрбиеленіп жатыр.

Мекемеде шәкірттердің жан-жақты білім, тәлім-тәрбие алуы үшін қолайлы жағдайдың барлығы жасалған. Жатақхана бөлмелерінің барлығында шәкірттерге қажетті жуыну бөлмесі, дәрет алу орындары, киім жуу, үтіктеу, т.б. орындар қарастырылған. Асхана заман талабына сай жабдықталған. Ол жерде шәкірттерге үш мезгіл тамақ беріледі. Қайырымдылық мекемесінің жалпы көлемі – 731 шаршы метр.

Сабақ беретін ұстаздардың барлығы жоғары білімді. Шәкірттерге математика, ағылшын тілі, шешендік өнер, қазақтың тарихи тұлғалары, т.б. пәндерден сабақ беріледі.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру