«AQMESHIT» МЕШІТІНДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ (ФОТО)
«AQMESHIT» мешітінде бас имам Дәурен Мүслимов және Астана қаласы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен 1 маусым - Халықаралық балалар күніне орай мерекелік шара өтті.
Мерекелік шараға арнайы аниматорлар шақырылып, ойындар ойнатылды. Сондай-ақ @small.skif демеушілігімен балаларға тәттілер мен сусындардан мерекелік тарту жасалды.
Балаларға мейіріммен көңіл бөліп, уақыт арнау, қуанту, еркелете отырып тәрбиелеу Алла Елшісінен (с.ғ.с.) қалған сүннеттердің бірі. Балаларды жүректің жемісіне (сәмәрәтүл-құлуб), көздің нұрына (құрратул-айн) теңеген ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген: «Балаларыңды көп сүйіңдер. Себебі, сүйген сайын жаннатта бір дәреже беріледі. Әрбір дәреженің ара қашықтығы бес жүз жыл. Періштелер әр сүйгендеріңді санап, жазып отырады».