«AQ MESHIT» МЕШІТІНДЕ «ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

28 қазан 2026 139 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында Астанадағы «AQ MESHIT» мешітінде «Отбасылық тәрбие және адал қоғам» тақырыбында семинар өтті.

Басқосуға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдулахад Сманов, «AQ MESHIT» мешітінің бас имамы Дәурен Мұхаметрахимұлы және наиб имамдар Арман Әділбекұлы мен Рашид Абдуалиұлы қатысты.

Семинар барысында отбасы тәрбиесінің қоғам қалыптастырудағы орны, ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық және діни құндылықтардың сабақтастығы, сондай-ақ адалдық пен жауапкершіліктің маңызы талқыланды. Қатысушылар отбасыдағы тәрбие мен өзара сыйластықтың берекелі қоғамның негізі екенін атап өтті.

Жиынның мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық дәстүр мен ислам тәлімін ұштастыру және қоғамда адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жандандыру.

Жиын соңында мешіт ақсақалдары еліміздегі әрбір отбасыға амандық, тыныштық пен береке тілеп, елдің бірлігі мен ұрпақтың болашағына дұға жасап, бата берді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру