«АЛТЫН ОРДА ӨРКЕНИЕТІ: РУХАНИ МҰРА ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Алматы қаласында Жошы ұлысының 800 жылдығына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «АЛТЫН ОРДА ӨРКЕНИЕТІ: РУХАНИ МҰРА ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өткен конференцияда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры Кенжехан Матыжанов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас директоры Анар Фазылжанова, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бас директорының орынбасары Жомарт Жеңіс, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлур, тарих ғылымдарының докторы, академик Берекет Кәрібаев, филология ғылымдарының докторы Нодирбек Журақузиев баяндама жасады.
Конференцияда тарихшы, әдебиеттанушы ғалымдар Алтын Орда өркениеті, Жошы ұлысының рухани мұрасы, сол дәуірдегі дін мен дәстүр сабақтастығы, бүгінгі қоғамдағы рухани құндылықтар т.б. тақырыптар бойынша тың деректерді ортаға салды.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі